"Жолаушылар тасымалы" АҚ Жолаушыларды уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында қосымша пойыздар шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.
2024 жылғы 5 және 8 қаңтарда "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның үш филиалымен қамтамасыз етілетін 76 қосымша тіркеме вагон шығарады.
"Солтүстік" филиалы бойынша 56 вагон, "Оңтүстік" филиалы бойынша - 13 вагон, "Батыс" филиалы бойынша 7 вагон қосылады.
Сондай-ақ, осы жылдың 5 және 7 қаңтарында екі қосымша пойыз тағайындалды:
- 5 және 7 қаңтарда Бурабай курортына №6811 "Нұр-Сұлтан 1-Бурабай курорты" электр пойызы сағат 10:10-да аттанады, сағат 13: 20-да жетеді. Бурабайдан №6812 "Бурабай – Нұр-Сұлтан 1 курорты" пойызы сағат 14:48-де жолға шығып, Астанаға сағат 17:54-те келеді.
- 5 қаңтарда Павлодарға Астанадан №7510 "Нұр-Сұлтан 1 – Павлодар" электр пойызы сағат 16:45-те шығып, сағат 23:20-да жетеді. 7 қаңтарда Павлодардан №7509 "Павлодар – Нұр-Сұлтан 1" электр пойызы сағат 11:57-де жөнелтіліп, Астанаға сағат 18:49-де келеді.
Қосымша қала маңы пойыздарына билеттер сату ашық. Билеттерді bilet.railways.kz сайтынан және билет кассаларында сатып алуға болады.
"Вокзалдар мен пойыздарда жолаушылар ағынының күрт ұлғаюын ескере отырып, "Жолаушылар тасымалы" АҚ азаматтарға ауа райы жағдайларын ескере отырып, өз сапарларын жоспарлауды ұсынады және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған қабылданып жатқан шараларға түсіністікпен қарауды сұрайды", - делінген хабарламада.
Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша анықтамалық ақпаратты "1433" тегін нөмірі, "KTZH_PP_BOT" Телеграмм боты, сондай-ақ "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның @jolaushylar_tasymaly ресми Instagram-аккаунты арқылы алуға болады.