#Astanawinterland аясындағы байқаулардың нәтижелері белгілі болды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Астана әкімдігі мен 40А студиясы ұйымдастырған байқау ек рет – 29 желтоқсан мен 5 қаңтарда өтті. Фотосурет өнерінің шеберлері өз идеяларын жүзеге асыруға, қысқы серуендеу кезіндегі көңіл-күйді жеткізуге мүмкіндік алды. Конкурстың қорытындысы 12 қаңтарда шығарылды.
Локациялар елордада орналасқан қысқы ойын-сауық нүктелеріне бөлінген. Олардың ішінде Ботаникалық бақ, Есіл өзенінің жағалауы, қала алаңдарындағы мұз төбешіктер және "Хан Шатыр" СОСО жанындағы мұз айдыны, Қазақ Елі монументі жанындағы мұз айдыны бар.
Евгений Волкова 29 желтоқсандағы Winterland инстамитасының жеңімпазы атанды. Сондай-ақ, ТОП-10 құрамына Александр Филипенко, Мерейгүл Ескендірова, Григорий Белого, Әбілқайыр Темірханов және Әйгерім Құдайбергенованың жұмыстары кірді.
5 қаңтардағы Winterland инстамитасының жеңімпазы болып Александр Филипенко танылды. Александрдың жұмыстарынан басқа, ТОП-10-ға Бибігүл Бейсембина, Арайлым Ерланқызы, Виктор Рулькевич, Андрей Ершов және Нұрасыл Жукеннің фотосуреттері де үздіктер қатарына енді.
"Бұл байқаудың мақсаты – қысқы ертегіні тұрғындар көзімен көрсету және сәулет суреттерінің дағдыларын дамыту. Байқауға қатысушылар қалалық алаңдағы және Есіл өзенінің жағалауында, Ататүрік саябағында, "Алатау" спорт кешенінің жанында және Ақбұлақ өзенінің жағалауында, "Жерұйық" саябағында, "Хан Шатыр" сауда орталығының жанында, "Жетісу" саябағында және Президенттік саябақта, Қазақ Елі монументінің жанында, ЭКСПО аумағында және Ботаникалық бақта салынған 12 қысқы қалашықты көрсеткен" , – деді 40А студиясының жетекшісі Елена Сорокина.