Қысқы Олимпиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

1263

Еліміздің Ұлттық Олимпиада комитеті Бейжіңде өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының формасын таныстырды, деп хабарлайды Atameken Business.  

Қысқы Олимпиада ойындарына арналған Қазақстан құрамасының формасы таныстырылды

Салтанатты жүріп өту рәсіміне арналған экипировкадағы ел атауы латын әліпбиімен ана тілімізде "Qazaqstan" болып жазылады.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, бұл форманы отандық ZIBROO компаниясы шығарған. Ал коллекцияны ресейлік дизайнер, Дмитрий Шишкин дайындаған.

Оны әзірлеуге бір жылдан аса уақыт кетіпті. Олимпиадаға қатысушылар қазір карантинде болғандықтан, форманы таныстыруға жазғы спорт түрінің майталмандары шығыпты.

Айтып өтейік, төрт жылдықтың басты додасы 4 ақпан күні басталып, 16 күнге созылады. Қазақстан командасы айтулы додада спорттың сегіз түрінен бақ сынайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу