Қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатыны әлі шешілмеді – министр

103

Қысқы Олимпиада ойындарына лицензиялық жарыстар әлі аяқталған жоқ. 

Қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатыны әлі шешілмеді – министр Фото: gov.kz

Бұл туралы Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

"Сегіз Олимпиадада 1994 жылдан бастап 5-ақ спортшы медаль алған. Өкінішке қарай, 2018 жылдан бері бірде-бір медаль жоқ. Сондықтан біз сол бір медаль алуға барын жасап жатырмыз. Ғылыми тұрғыдан да, дайындық әдістемелер, мамандар – сол бағыттың бәрін күшейттік", – деді министр.

Журналистер қысқы Олимпиадада Қазақстан туын кім ұстап шығатынын нақтылады.

"Өте маңызды сұрақ. Бүгінгі күні бізде лицензиялар аяқталған жоқ. Қаңтар айының соңына дейін лицензиялар толық алынғаннан кейін, біз бәріміз қайтадан жиналып, қай спортшылар ту ұстап шығатынын анықтаймыз", – деп атап өтті Ербол Мырзабосынов.

Ведомство басшысы Милан олимпиадасында Қазақстан туын Денис Никиша мен Яна Хан ұстап шығатыны туралы ақпаратқа қатысты да пікір білдірді.

"Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды. Біз лицензиялар толық алынып болмағанша болжам жасамаймыз және біз мұны қоғаммен ақылдаса келе Президент әкімшілігіне ұсынамыз. Бұдан бөлек Олимпиада бағдарламасында тура ашылу салтанатынан кейін ертеңінде спортшылар мәреге шығады. Сондықтан біз оған да қараймыз. Егер спортшылар ертеңінде жарыс алаңына шығып жатса, біз оларды ту ұстауға жібермейміз", – деді Туризм және спорт министрі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу