Қысқы Олимпиадада ойындарының жабылу рәсімі өтіп жатыр

897

Жабылу салтанаты 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына арнап салынған "Құс ұясы" стадионында өтуде.

Қысқы Олимпиадада ойындарының жабылу рәсімі өтіп жатыр

Бейжіңдегі XXIV Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты жабылу рәсімі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жылдар бойы өз өміріндегі басты додаға дайындалған атлеттер – жабылу салтанатының бас қаһармандары.

Сонда-ақ Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде Бейжің тарихта қысқы және жазғы ойындарды қабылдаған тұңғыш әрі жалғыз қала екеніне басымдық берілмек.

Айта кетелік, Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталған болатын.

Қазақстан командасының спортшылары жүлдеге ілінген жоқ. Команда сапындағы ең жоғары нәтижені Абзал Әжіғалиев тіркеді. Ол шорт-тректен 500 метрге жарысуда төртінші орын алды.

Бейжің Олимпиадасында жалпы есебі 109 жүлде жиынтығы сарапқа салынды.

Бейжіңдегі Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын 34 спортшы қорғады. Олар шаңғы жарысы, фристайл акробатика және могул, конькимен жүгіру, шорт-трек, биатлон, тау шаңғысы, тұғырдан секіру, шаңғы қоссайысы сияқты 8 спорт түрінен сынға түсті. Өкінішке қарай, бірде-бірі жеңіс тұғырынан көріне алған жоқ. Бейжің Олимпиадасындағы ең үздік көрсеткішіміз 4-орын. Оған команда сапындағы шорт-трекші Абзал Әжіғалиев ие болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу