Қысқы Олимпиадаға 34 қазақстандық спортшы қатысады

1205

Спортшылардың басым бөлігі Алматы қаласынан.

Қысқы Олимпиадаға 34 қазақстандық спортшы қатысады Фото: olympic.kz

Биыл Қытай астанасы Бейжіңде өтетін қысқы Олимпиадаға 34 қазақстандық спортшы қатысады. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Министрдің орынбасары XXIV қысқы Олимпиада ойындарына өте аз уақыт қалғанын атап өтті.

"Жарысқа ұлттық құрама командалары бар күшін салып, дайындалып жатыр. Үкімет тарапынан спортшыларға барлық жағдай жасалған. Мәдениет және спорт министрлігі Ұлттық Олимпиада комитетімен бірлесіп, маңызды жиналыстарды өткізді. Дүбірлі додаға баратын командалардың дайындығы бақылауда. Қазақстан спортшылары 8 спорт түрінен 78 лицензия ұтып алды. Нақтырақ айтсақ, бұл 34 спортшы", - деді Серік Жарасбаев ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Вице-министр спортшылардың басым бөлігі Алматы қаласы және Шығыс Қазақстан облысынан екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қысқы Олимпиада ойындары 4 ақпанда басталады. Дүбірлі додаға 95 елден 4 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Онда 15 спорт түрінен 109 медаль сарапқа салынады.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу