Ол қысқы Олимпиадаға шамамен 250 млн теңге қарастырылғанын, бірақ бөлінетін қаржы бұдан аз болатынын атап өтті.
"Нақты 228 млн теңге бөлінеді. Бөлінетін ақшаның көлемі азаюда. Себебі, дүбірлі доданы ұйымастырушылар делегациялар санын азайтуда", - деді Андрей Крюков ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ дүбірлі додаға Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, вице-министр Серік Жарасбаев баратыны белгілі болады.
Бейжің Олимпиадасында 8 спорт түрінен 34 қазақстандық спортшы бағын сынайды.
Дәурен Ерболат
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу