Қысқы Паралимпиада-2022: Александр Герлицтің қанша сыйақы алатыны белгілі болды

1521

2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған Александр Герлиц мемлекет тарапынан қанша көлемде сыйақы алатыны анықталды.  

Қысқы Паралимпиада-2022: Александр Герлицтің қанша сыйақы алатыны белгілі болды

Александр Герлиц қола жүлдесі үшін 75 мың АҚШ доллары (38 миллион теңге) алатын болды.

Еліміздің атынан Қысқы Паралимпиадада алтын алғандарға 250, екінші орын иелеріне 150 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы белгіленген.

XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғауда.

Енді қазақстандық спортшылар 11, 12, 13 наурыз күндері айтулы аламанда бақ сынайды. Қысқы Паралимпиада 4 және 13 наурыз аралығында өткізіледі. Онда әлемнің 50 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынауда.

Еске салсақ, бүгін қазақстандық спортшы Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу