Қысқы Паралимпиада-2022: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орынға жайғасты

664

Додаға 53 мемлекет қатысқан. 

Қысқы Паралимпиада-2022: Қазақстан медальдар кестесінде 17-орынға жайғасты

2022 жылғы XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан медальдар кестесінде 17-орынға жайғасты, деп жазды inbusiness.kz.

Бұл туралы ҚР МСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев онлайн брифинг барысында мәлім етті. 

"Қазақстандық спортшы Александр Герлиц парабиатлоннан 10 шақырымға түрегеп сырғанауда мәре сызығын үшінші болып қиды. Осылайша, биылғы бәсекеде алғашқы жүлдеге қол жеткізді. Бұл медаль Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің Паралимпиада ойындарындағы 3-ші жүлдесі", – деп ерекше атап өтті спикер.

Бәсекеде алтын медаль канадалық Марк Арендзге бұйырса, күміс жүлдені украиналық Григорий Вовчинский алды. 

"Осылайша, медальдар кестесінде еліміз 17-орынға жайғасты. Биылғы додада әлемнің 53 мемлекетінен келген 700-ге тарта спортшы бақ сынады. 6 спорт түрі бойынша 78 медаль сарапқа салынды. Оның ішінде біздің спортшылар 12 медаль жиынтығы бойынша бақ сынады. Ел намысын 5 спортшымыз қорғады", – деді Самат Ерғалиев.

Айта кететіні, XIII қысқы Паралимпиада ойындарында Қазақстан атынан Сергей Усольцев, Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Денис Петренко мен Юрий Березин ел намысын қорғады. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу