Қысқы ҰБТ нәтижесі белгілі болды

1742

Ееліміз бойынша 34 687 талапкер тест тапсырды.

Қысқы ҰБТ нәтижесі белгілі болды

Биылғы жылдың 18-20 қаңтар күндері өткен алғашқы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алғашқы білім сынағына еліміз бойынша 34 687 талапкер қатысты. Оның 9-ы мүмкіндігі шектеулі жан. Қатысушылардың санаты келсек, 29 789 – 11 (12) сынып оқушылары, 3 268 – шартты түрде түскендер, 2 781 – шығармашылық мамандықтан басқа мамандыққа ауысушы.

Тестілеу сынағына 35 838 талапкерден өтініш түсіп, оның 25 615 қазақ тілінде, 10 162 орыс тілінде және 61 ағылшын тілінде тапсырды.

Қысқы ҰТБ нәтижесінде 24 012 (69%) түлек белгіленген шекті деңгейден өтті, ал 10 675 (31%) тиісті 50 балды жинай алмады.

"Қаңтар, наурыз және тамыз айларында өткізілген ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің ЖОО-на тек ақылы түрде түсуіге мүмкіндік береді. Егер мектеп бітіруші түлек мемлекеттік білім грантына ие болғысы келсе, міндетті түрде маусым айында өтетін ҰБТ-ты тапсыру керек. Тағы бір айта кетерлігі қаңтар, наурыз, тамыз айларында тапсыратын тестілеу сынағы үшін мемлекеттік бюджеттен ешқандай қаржы жұмсалмайды", – деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры Рамазан Әлімқұлов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар, Р.Әлімқұлов ҰБТ тапсыруда талапкерге жылдағыдай жағдай жасалатынын айтты.

"Түлектерге сертификатпен бірге қандай мамандықтарға қанша грант бөлінетіні туралы ақпарат, ерекші күтімді талап ететін жандарға көмекші мен сурдоаударма қарастырылады. Сол сияқты, онлайн транслияциялау, ұялы байланыс дыбысына шек қоятын құрылғы орнатылады, сонымен қатар call-орталық жұмыс істейді", – деді ол.

Еске салсақ, биылғы ҰБТ тапсыру ережелеріне бірқатар өзгерістер енгізілгенін, оның ішінде ҰБТ жылына 4 рет (қаңтар, наурыз, маусым-шілде, тамыз) тапсырылатынын хабарлаған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу