Қысқы Универсиадаға Қазақстан атынан 227 спортшы қатысады

2347

Қысқы Универсиадаға Қазақстан атынан  227 спортшы қатысады

Қазақстанның 227 спортшысы Универсиада-2017-ге дайындалып жатыр, деді Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

"Қазіргі уақытта 227 мықты спортшы дайындалып жатыр, олардың 121-і жігіт және 106-сы қыз. Олармен 66 бекітілген маман жұмыс жасауда, олардың арасында жаттықтырушылар, дәрігерлер, массаж жасаушылар және т.б. бар", – деді ол.

Универсиадаға қатысуға үміткерлер құрамына еліміздің барлық жетекші спортшылары, мәнерлеп сырғанаудан Денис Тен, фристайлдан Юлия Галышева, Павел Колмаков, Жанбота Алдабергенова, конькимен жүгіру спортынан Роман Креч, Станислав Палкин және шорт-тректен Айдар Бекжанов, Абзал Әжіғалиев, Нұрберген Жұмағазиев пен Денис Никиша енді.

Айта кетер болсақ, Қазақстан Тәуелсіздік жылдары он екі Дүниежүзілік Универсиадаға қатысып, 44 медальді еншіледі, олардың 18-і алтын, 13-і күміс және 13-і қола. 

А. Мұхамедиұлы Мәдениет және спорт министрлігі Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп Универсиадада спорттық көрсеткіштер жетістіктері бойынша спорттық резервтің мақсатты бағытталған дайындық жұмыстарын жүргізіп жатқанын хабарлады.

ҚР БҒМ тарапынан жоспарланған 29 оқу-жаттығу даярлықтарының 13-і өткізілді, ойын алдында Универсиаданың спорт құрылыстарын тексеру мақсатында қалғандары биылғы жылдың желтоқсан айына жоспарланған. Олимпиадалық дайындық орталығының желісі бойынша биылғы жылдың 10 айында 115 спорт шарасы өткізілді, Ұлттық штаттық командалар дирекциясы мен спорттық резерв осы кезеңде 168 спорт шарасын ұйымдастырды.

Бұдан өзге, 2016 жылға арналған бірыңғай республикалық спорттық-бұқаралық шараларының күнтізбелік жоспарына сәйкес, Универсиадаға дайындық аясында Алматы қаласында 5 тестілік жарыс өткізу көзделген.

Еске сала кетейік, Универсиада-2017 Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында өтеді. Қысқы Универсиада сайыстарына 50-ден астам елден 2 мың спортшы қатысады. Сайыстар 12 спорт түрі бойынша өткізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу