Риддер трғындарының өтініш бойынша қала әкімдігі "Қазақстан темір жолы" компаниясына пойыздар кестесін өзгерту туралы жазбаша өтініш жолдады, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Хатта Риддерді облыс орталығымен байланыстыратын автомобиль жол қыста жиі жабылып қалатыны жазылған. Мұндайда жолаушыларға облыс орталығына қатынау қиынға соғады.
"Ел қытымыр қыста үмітін тек пойызға артады. Бірақ ол аптасына үш рет қана жүреді. Егер оны күнделікті жүргізетін болса, халықты тығырықтан шығаратын мүмкіндік болар еді", дейді өтініш иелері.
Риддер – Шығыс Қазақстан облысының түкіпірінде, Ресеймен шекарада орналасқан қала. Облыс орталығынан 130 шақырым қашықта. Табиғаты қатал өңірде қыс мезгілінде бір метрден астам қар түседі. Биыл боранды күндері облыс орталығымен екі ортада апталап жол болмай қалған кездер де болды.