Қыстың бірінші күні елімізде ауа райы қандай болады

354

Қар, көктайғақ, бурқасын.

Қыстың бірінші күні елімізде ауа райы қандай болады Фото: Inbusiness.kz

Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 1 желтоқсанына арналған күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәлімет бойынша, республиканың батыс, солтүстік және шығыс облыстарындағы күн райына циклон және сонымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады. Сондай-ақ көктайғақ пен қарлы боран болады.

Синоптиктердің мәліметінше, тек республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында антициклонның әсерінен күн жауын-шашынсыз болады деп болжанды.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.

Астанада көшпелі бұлт шығады, өткінші қар жауып, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, кей уақытта екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз -2-4°С.

Алматыда – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде +1+3°С, күндіз +5+7°С.

Шымкентте – көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°C, күндіз +10+12°C.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу