"Қысылып қалған": Оралдағы әк зауытында жазатайым оқиға болып, жұмысшы қаза тапты

511

Оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. 

"Қысылып қалған": Оралдағы әк зауытында жазатайым оқиға болып, жұмысшы қаза тапты Фото: freepik

БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармадан мәлім еткеніндей, аталған зауытта 27 мамырға қараған түні шамамен сағат 02.45-те бос вагондарды тасымалдаушы, 1973 жылғы ер адам жазатайым оқиғаға тап болған, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

"Бос вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. Салдарынан жедел жәрдем шақыртылып, көлік шамамен 20 минуттан кейін келіп, зардап шегушіні алып кеткен. ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес 28 мамыр күні жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторымен бірге оқиға орнына барылып, фото-видео фиксация жасалды. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды", - деп хабарлады ведомстводан.

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өлімі бойынша Зачаган полиция бөлімінің қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу