Қытай павильоны "ЭКСПО" көрмесінде үздіктер қатарынан табылуы мүмкін. Бұл туралы ұлттық компания басшысы Ахметжан Есімов Қытайдың Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Ханьхуэймен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
Қытай – күллі әлем көз тіккен көрмеге қатысуды ресми растаған алғашқы елдердің бірі.
Қытай "Жасыл" экономика саласында бағындырған жетістіктері шаш-етектен екенін айтып өткен жөн.
Елші Чжан Ханьхуэй отандастарының Астанада өтетін бұл шараға ерекше қызығушылық танытып отырғанын алға тартты.
Қытай үкіметі Қазақстанға келушілерге қай тұрғыдан да қолдау көрсетуге ниетті. "ЭКСПО" көрмесінің ашылуына ҚХР төрағасы Си Цзиньпин қатыспақ.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу