Қытай 10 жылда Қазақстанға 14 миллиард доллардан астам инвестиция құйған

774

Қытай 10 жылда Қазақстанға 14 миллиард доллардан астам инвестиция құйған

Биыл қаңтар-қыркүйек айларындағы есеп бойынша Қазақстан мен Азия елдері арасындағы жалпы сауда көлемі былтырғымен салыстырғанда 23 пайызға өскен, яғни 13,3 миллиард долларды құраған. Бұл туралы сыртқы істері министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды.
Мысалы, Қытай 10 жыл ішінде елімізге 14 миллиард доллардан астам инвестиция құйған. Қазақстан-Қытай арасында жалпы сомасы 26 миллиард долларға жететін 50-ден астам өндіріс жобасы бар. Оның бесеуі қазір іске қосылған. 
Қазақстан тарапы сондай-ақ Жапониямен көлік, мұнай химиясы, қаржы және атом энергетикасы салаларында 1,2 миллиард доллар көлемінде 13 коммерциялық құжатқа қол қойған.
 "Он жыл ішінде Оңтүстік Кореяның Қазақстанға инвестициясы 4,6 млрд долларды құрады. ҚР президенті 2016 жылы қарашада Кореяға жасаған сапарында стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдету туралы бірлескен декларацияға және 640 млн доллар сомасындағы 18 келісімге қол қойылды", - дейді ҚР сыртқы істер министрі Қайрат Әбдіраxманов.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу