Қытай 100 тонна экологиялық таза балға тапсырыс берді

982

Қытай 100 тонна экологиялық таза балға тапсырыс берді

Мақтарал ауданы "Мақталы 1" ауылындағы "Азамат" шаруа қожалығының иесі Тіллә Қалдарбекова "Ырыс" микро кредиттік ұйымынан 4,5 миллион теңге несие алып, бал араны бағуға арналған 2 тіркеме сатып алған.
"Азамат" шаруа қожалығының жұмысын жүргізіп отырған Марат Мұратовтың айтуынша, араның бір ұяшығынан жылына 40 литр бал алады екен. Мұндағы 3 тіркемедегі 300 ұяшықтан жылына 15 тоннаға жуық бал алып жатыр, деп хабарлайды ontustik.gov.kz.
"Аралар суыққа төзбейді. Мақтарал ауданының ауа-райы басқа аймақтарға қарағанда әлдеқайда жылы әрі мұндағы жауын-шашынның аз болуы бал араны бағуға өте қолайлы. Сондай-ақ, кермек, жантақ, жыңғыл, мақтаның гүлі сияқты т.б. аралар нәр алатын өсімдіктер мұнда өте көп" - дейді Марат Мұратов.
Бал араның өніміне деген сұраныс өте жоғары. Балды Мақтаралдың мектептері мен балабақшалары-ақ толықтай сатып алады екен. Өнімнің литрі – 1000 теңге. Тіпті, 4-5 есе қымбат бағаға Қытайдан жүз тонна экологиялық таза балға тапсырыс келген. Қожалық сол сұранысты өтеу үшін жұмыс жасап жатыр. Сондай-ақ, "Техас балы" қауымдастығы да "Азамат" шаруа қожалығының балын жиі сатып алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу