Қытай 2020 жылдан бері алғаш рет визалардың барлық түрлерін бере бастайды

572

Қытай 15 наурыздан бастап шетелдік азаматтарға коронавирустық пандемияға байланысты 2020 жылдың наурызында тоқтатылған виза беруді қайта бастады. 

Қытай 2020 жылдан бері алғаш рет визалардың барлық түрлерін бере бастайды Фото: static.dw.com

Бұл туралы ҚХР СІМ Консулдық департаментінде хабарланды, деп жазады inbusiness.kz.

Reuters агенттігі атап өткендей, бұл шара жарты ғасырға жуық уақыт ішінде өсу қарқыны тым төмендеп кеткен ҚХР экономикасын жандандыруға бағытталған.

Бірқатар аймақтар үшін визасыз режим қалпына келтіріледі: 2018 жылдың 1 мамырынан бастап Ресейден және тағы 58 елден келген туристер Қытайдың Хайнань аралына визасыз бара алады. Дәл осындай режим круиздік кемелердегі саяхатшылар үшін де қолданылады - егер олар Шанхай портына кірсе. Сонымен қатар, Гонконг пен Макаодан келген шетелдіктер тобы үшін Оңтүстік Гуандун провинциясына визасыз кіру қайта басталады.

Ақырында, визасыз режим Гуанси-Чжуан автономиялық ауданындағы Гуилин қаласындағы Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттері қауымдастығының (АСЕАН) туристік топтары үшін қайтадан әрекет етеді. 2020 жылдың 28 наурызына дейін берілген жарамды визалары бар шетелдіктер де ҚХР-ға кіре алады.

Қаңтар айында Қытай өз азаматтарына шетелдік сапарларға рұқсат берді. Сонымен қатар, ҚХР билігі топтық турлармен баруға болатын елдердің санын 60-қа дейін кеңейтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу