Енді мобильді байланыс жүйесі жоғары, орта және төменгі орбита спутниктерімен біріктіріледі. Осы арқылы ақпараттық қауіпсіздікті арттырмақшы, деп жазады inbusiness.kz сайты Ұлттық арнаға сілтеме жасап.
Қазір қажетті инфрақұрылымдарын жаңартып жаңа инновациялық технологияларды енгізіп жатыр. Бұл шешім жекелеген аймақтарда 6G-ді пилоттық режимде іске қосып пайдалануға мүмкіндік береді. Ол қазіргі қолданыстағы нұсқадан 28 есе жылдам әрі 10 есе үлкен аумақты қамти алады. Сонымен қатар өндіріс саласында қолдану жүйесі кеңейеді.
– Қытай байланыс пен есептеу желілерін салуды жеделдетеді. Әсіресе 6G технологиясын зерттеу мен дамыту шараларына басымдық беріледі. Қазір "ғарыш-әуе-жер-теңіз" өзара байланыстыратын ақпараттық кеңістігін жасауға кірістік. Осының арқасында адамдар кез келген жерде және қалаған уақытында телекоммуникациялық қызметке қол жеткізе алады. Бұл ақпараттық-коммуникациялық саланың сапасын арттырып, әлемдік бәсекеге төтеп беруге жол ашады, – деді Қытайдың өндіріс және ақпараттық технологиялар министрлігінің ресми өкілі Синь Гобинь.