Қытай адамзатқа беймәлім көлді зерттеуге кірісті

87

Мұз астындағы зерттеу жұмыстары келесі жылдың мамыр айына дейін жалғасады.  

Қытай адамзатқа беймәлім көлді зерттеуге кірісті Фото: gazeta.ru

Көршілес ел 3 миллион жыл бойы беймәлім болып келген көлді зерттейді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты 24KZ телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл жақтан керек-жарақ тиелген экспедициялық мұзжарғыш қос кеме сапарға шықты. Ал ежелгі айдын Антарктидадағы мұздықтар астында жатыр. Барлау мәліметтеріне сәйкес көлдің көлемі 370 шаршы шақырым, тереңдігі 200 метрге дейін жетеді.

Енді ол жерден сынама алу үшін мамандар қалыңдығы 3600 метр мұзды бұрғылайды. Олардың айтуынша, көлдің ғасырлар бойы күн көзінен тасада әрі жоғары қысым мен экстремалды төмен температурада сақталуы аса құнды микробилогиялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік береді.

"Сондай-ақ Антарктикадағы мұз қыртыстарының эволюциясын анықтап,  жаһандық климаттық өзгерістердің себеп-салдарын зерделеуге жол ашады", – дейді ғалымдар.

Мұздықтарды бұрғылау кезінде ыстық су мен термиялық еріту технологиясы қолданылады. Себебі, көлден алынатын сынама құрамы бұзылмауы керек. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу