Қытай Африка елдеріне 50 миллиард доллардан астам қаржылық көмек көрсетеді

240

Оған қоса ауыл шаруашылығын дамытуға Қытай 1 миллиард юань ($140 миллион) бөледі.

Қытай Африка елдеріне 50 миллиард доллардан астам қаржылық көмек көрсетеді Фото: саnva.com

Алдағы үш жылда Қытай Африка елдеріне 360 миллиард юань (50 миллиард доллардан астам) көлемінде қаржылық көмек көрсетеді, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қаражат бірлескен әріптестік жобаларды іске асыруға бағытталатын болады. Бұл туралы Қытай-Африка ынтымақтастығы форумының тоғызыншы саммитінің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде ҚХР иөрағасы Си Цзиньпин мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС.

"10 серіктестік іс-шараны жүзеге асыру үшін Қытай үкіметі алдағы үш жылда Африкаға 360 миллиард юань қаржылық қолдау көрсетеді", - деді Қытай басшысы

Ол ұсынылған сомаға несие желісі бойынша 210 миллиард юань ($29,5 миллиард), "әртүрлі нысандарда" 80 миллиард юань (шамамен $11,2 миллиард) және қытайлық компаниялардың инвестициялары түрінде кемінде 70 миллиард юань ($9,8 миллиард) кіретінін нақтылады.

"Қытай барлық салаларда нәтижеге бағытталған ынтымақтастықты нығайту үшін Африканы панда облигацияларын (юаньмен ұсынылған қарыз құралдары - ред.) шығаруға ынталандырады және қолдайды", - деп қосты Си Цзиньпин.

Сонымен қатар Африка елдерінің ауыл шаруашылығын дамытуға Қытай 1 миллиард юань ($140 миллион) бөледі.

"Қытай Африкаға 100 мың му (6,6 мың гектардан астам) стандартталған үлгі аймағын салу үшін шұғыл көмек ретінде 1 миллиард юань береді", - деді Қытай басшысы.

Оның айтуынша, бұған қоса Бейжің Африкаға 500 жоғары білікті маман жібереді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу