Қытай Африка құрлығына миллиардтаған доллар инвестиция құймақ

802

Қытай Африка құрлығына миллиардтаған доллар инвестиция құймақ

Кенияда қытайлық компания салған жаңа теміржол бағыты ашылды, деп хабарлайды 24.kz.

Биліктің айтуынша, жоба ел тәуелсіздік алғалы бері жүзеге асырылған ең ірі инфрақұрылымдық жоба. Құны 3 миллиард доллардан асатын жаңа жол Ұлыбритания отарлау кезінде салынған мың шақырымдық темір жолды ауыстырады. Нәтижесінде, ел астанасы Найробиден Момбаса қаласына дейінгі сапар уақыты 2 есеге азайып, 4 сағатқа ғана созылатын болды. Енді жоба одан әрі жалғасып, Уганда, Руанда, Оңтүстік Судан еліне қарай тартылмақ. Сөйтіп, олардың Момбаса кемежайы арқылы теңізге шығуына жол ашады.

Дегенмен, кей сарапшылар жобаны сынға алып жатыр. Өйткені оның құны Кения жалпы ішкі өнімінің 5 пайызына жеткен.

Айта кетейік, өткен жылы Қытай Эфиопия мен Джибутиді жалғайтын темір жолды іске қосқан. Ал жалпы Қытай "Бір белдеу, бір жол" жобасы негізінде Африка құрлығына миллиардтаған доллар инвестиция құюды жоспарлап отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу