Америкалық әскер шығарылғаннан кейін, Ауғанстандағы жағдай АҚШ-тың басқа мемлекеттерге өз құндылығын енгізудің сәтсіздігін дәлелдеді. Қытай СІМ-нің ресми өкілі Ван Вэньбинь осындай мәлімдема жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz.
"АҚШ әскерінің Ауғанстаннан шығарылуы басқа елдердің ісіне әскери тұрғыда араласу, сондай-ақ басқа мемлекеттерге өз құндылығы мен әлеуметтік жүйесін енгізу саясаты сәтсіздікке ұшырайтындығын көрсетіп отыр", – деді дипломат.
Бұған дейін АҚШ Ауғанстаннан адамдарды эвакуациялау операциясын аяқтап, барлық әскери күштерін республикадан алып кеткені жарияланды. Пентагон өкілі генерал Кеннет Маккензи Вашингтонның бұл елдегі миссиясының аяқталғанын мәлім етті.
Қазір Ауғанстанда кем дегенде 200 америкалық бар. Кабул әуежайы ашылғаннан кейін олар өз еліне қайтарылады.
Табиғат Нұрболат