Қытай АҚШ-қа қарсы санкция салады

903

Бейжің Гонконг заңы елдің ішкі мәселесі дегенді алға тартуда.

Қытай АҚШ-қа қарсы санкция салады

Қытай билігі АҚШ-тың "Гонконг автономиясы туралы" заңына атсалысқан америкалық азаматтар мен ұйымдарға қарсы санкция салады. Бүл туралы елдің Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

"АҚШ-тың бұл заң жобасы Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігі туралы заңын қаралайды, халықаралық құқықты бұзады, халықаралық қатынастардың негізгі нормаларын бұзады, Гонконг пен Қытайдың істеріне араласу болып табылады. Қытай үкіметі бұған қарсы", – деп жазылған мәлімдемеде.

Ресми Бейжің Гонконг ішкі істеріне шетелдіктердің араласуына жол және  АҚШ-тың арнайы әкімшілік аймақ туралы заңның жүзеге асуына кедергі жасауына жол бермейтінін мәлім етті.

30 маусымда Қытайда Гонконгтың ұлттық қауіпсіздігін қорғау туралы заң күшіне енді. Бұл құжат автономия билігіне ереуілдерді басу үшін бірқатар жаңа өкілеттік береді. Автономиядағы үкіметке қарсы күштер мен АҚШ бұл заңға қарсылығын білдірді. Дегенмен Қытай Гонконг заңы елдің ішкі мәселесі дегенді алға тартуда.

Табиғат Нұрболат
Фото:ap.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу