Қытай АҚШ-қа қарымта қайтаруға кірісті

1035

Өткен аптада Трамп Қытайдың жалпы құны 200 млрд доллар болатын 5,7мың тауарының тарифын 10-нан 25 пайызға дейін арттыру  туралы шешім қабылдаған болатын.

Қытай АҚШ-қа қарымта қайтаруға кірісті

Қытай АҚШ-қа қарымта қайтаруға кірісті. 1 маусымнан бастап  олар Америкадан тасымалданатын, жалпы құны 60 млрд доллар болатын тауардың баж салығын 25 пайызға арттырады, деп хабарлайды  Atameken Business.

Тізімге барлығы 2,5 мың өнім кірген. Сондай-ақ, 1 мың 1 жүз тауардың тарифы – 20, тағы 1 мыңының баж салығы 10 пайызға көтерілді.

Дегенмен, АҚШ-тың сауда өкілі Қытайдың америкалық импорттың баж салығын арттыруы, біз үшін айтарлықтай әсер етпейді деді.

"Егер Қытаймен сауда келісіміне қол қойсақ, бұл тарифтер бізге соншалықты әсер етпейді. Негізінен ғарыш саласына қажетті технологиялардың бағасы қымбаттайды. Сосын телекоммуникациялық өнімдердің бағасы көтерілуі ықтимал", – дейді  АҚШ-тың сауда министрі Уилбур Росс.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Трамп Қытайдың жалпы құны 200 млрд доллар болатын 5700 тауарының тарифын 10-нан – 25 пайызға дейін арттыру  туралы шешім қабылдады. Былтыр басталған сауда шиеленісі енді шешілуге жақын қалғанда, тағы да жік шықты. Басты мәселе екі ел арасындағы сауда дисбалансын жою болатын. Сол үшін АҚШ 250 млрд доллар болатын тауардың баж салығын көтерген. Оған қарымта қайтарған қытайлар жалпы құны 100 млрд доллар болатын америкалық импорттың 90 пайызының салығын еселеп жіберді. Сарапшылардың айтуынша, осы өзгеріс салдарынан қытайға қарағанда америкалықтар көп шығын көреді.  Оның 1 жылдағы көлемі – 40 млрд долларға жуық.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу