АҚШ соңғы жылдары Қытаймен арадағы диалогты үзді, Бейжің оны қалпына келтіру үшін атсалысуға дайын. ҚХР-дың Сыртқы істер министрі Ван И осындай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасап.
"Соңғы бірнеше жыл ішінде Құрама Штаттар екі ел арасындағы барлық диалогты үзді, бұл қос ел арасындағы қарым-қатынастың нашарлауына себеп болды. Қытай әрдайым диалог жүргізуге дайын, біз АҚШ-пен кез-келген уақытта ашық сөйлесуге, сондай-ақ мәселелерді шешу үшін келіссөздер жүргізуге дайынбыз", – деді Ван И.
Ведомство басшысы Қытай мен АҚШ-тың әлеуметтік жүйелері, тарихы мен мәдениеті әртүрлі екенін, екі ел арасындағы қайшылықтар мен келіспеушіліктердің болуы заңды құбылыс екенін, бірақ ең бастысы – өзара түсіністікті диалог арқылы нығайту екенін атап өтті.
Табиғат Нұрболат
Фото: politico.com