Қытай АҚШ-пен Ауғанстан бойынша бірлесе жұмыс істеуге келісті

1450

Еуроодақ болса, Мәскеу мен Бейжіңнің Ауғанстандағы ықпалы күшейіп кетеді деп алаңдап отыр. 

Қытай АҚШ-пен Ауғанстан бойынша бірлесе жұмыс істеуге келісті

Қытай азаматтық соғыстың алдын алу үшін АҚШ-пен Ауғанстан мәселесі бойынша бірлесе жұмыс атқаруға дайын. Бұл туралы ҚХР-дың СІМ басшысы Ван И АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенмен телефон арқылы сөйлескен кезде мәлім етті, деп хабарлайды Inbusiness.kz

"Қытай ауған мәселесін шешу үшін АҚШ-пен өзара диалог жүргізуге, Ауғанстанда жаңа азаматтық соғыс немесе гуманитарлық апат болдырмау үшін және бұл аймақтың қайтадан терроризм ошағына айналуына жол бермеу үшін көмек көрсетуге дайын", – деді Қытай министрі.

Оның айтуынша,  АҚШ пен ҚХР Ауғанстанның жаңа билігін елдің ұлттық ерекшеліктеріне сәйкес келетін ашық және инклюзивті саяси құрылым құруға ынталандыруы керек. 

Сонымен қатар Ван И Ресейдің СІМ басшысы Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесуі барысында Қытай мен Ресей Ауғанстандағы заңды мүдделерін қорғап, бір-біріне өзара қолдау көрсетуі керек дегенді айтты. 

Еуроодақ болса, Мәскеу мен Бейжіңнің Ауғанстандағы ықпалы күшейіп кетеді деп алаңдап отыр. "ЕО Ресей мен Қытайдың саяси вакуумды тез толтыруға тырысатынын ескере отырып,  Ауғанстан мен осы аймақ үшін жаңа стратегия әзірлеуі керек" , – деп жазылған Еуропалық парламенттің ресми мәлімдемесінде.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу