Қытай АҚШ пен Тайванның сауда келісімін жасасу жоспарын айыптады

757

Бейжің америкалық тарапты "Бір Қытай" қағидатын сақтауға шақырды.  

Қытай АҚШ пен Тайванның сауда келісімін жасасу жоспарын айыптады

ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Тайвань істері жөніндегі кеңсесінің ресми өкілі Ма Сяогуан АҚШ пен Тайванның сауда келісімін жасасуға қатысты келіссөздер жүргізуін айыптады, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ресми өкіл америкалық тарапты "Бір Қытай" қағидатын және қытайлық-америкалық үш коммюникенің ережелерін сақтауға шақырды. Сонымен қатар ол Вашингтонның Қытайдың қайта қосылуына және қайта жандануына кедергі келтіру үшін "Тайвань картасын" жүзеге асыруы сәтсіз аяқталатынын айтты.

Ма Сяогуан Тайвань билігінің "экономикалық ынтымақтастықты желеу етіп, сыртқы күштермен бірлесе жұмыс істегені және арал тұрғындарының мүдделеріне опасыздық жасағаны үшін" жазаға тартылатынын мәлім етті.

Күзде тараптар екіжақты ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі жаңа бастама аясында ресми сауда келіссөздерін бастайды. АҚШ пен Тайвань сауда және инвестициялар саласындағы қатынастарды тереңдетпек.

Табиғат Нұрболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу