Қытай АҚШ-тан әкелінетін тауарларға жаңа баж салығын салмақ

789

Америкадан келетін жалпы құны 60 миллиард долларды құрайтын заттарға 25, 20,10 және 5 пайыз көлемінде баж салығы салынады.

Қытай АҚШ-тан әкелінетін тауарларға жаңа баж салығын салмақ

АҚШ қосымша тарифтер енгізген жағдайда, Қытай жағы да Құрама Штаттардан әкелінетін тауарларға жаңадан баж салығын салады. Бұл туралы Қытай Халық Республикасының сауда министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.

Америкадан келетін жалпы құны 60 миллиард долларды құрайтын заттарға 25, 20,10 және 5 пайыз көлемінде баж салығы салынады. Мекеме 5 мыңнан аса тауардың тізімін жариялады.

Айта кету керек, мұның алдында АҚШ Қытайдан әкелінетін мыңнан аса тауарға баж салығы енгізілетінін жариялаған. Вашингтон бұл ретте Қытайды зияткерлік меншікке қатысты айыптаған болатын. Бұған жауап ретінде Аспан асты елі АҚШ-тың 106 тауарына 25 пайыз салық салды. Мамырда қос тарап та сауда соғысын тоқтатамыз деп келіскенімен, шілдеден бастап жаңа тарифтер күшіне енді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу