Қытай АҚШ-тан арандату әрекеттерін тоқтатуды талап етті

785

Қытай АҚШ-тан арандату әрекеттерін тоқтатуды талап етті

Пекин Вашингтоннан суверенитет нормаларын бұзатын және Қытай ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін арандату әрекеттерді тоқтатуды сұрайды. Бұл туралы ҚХР СІМ ресми өкілі Лу Кан мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новостиге сілтемемен sputniknews.kz.

Бұдан бұрын Қытай қорғаныс министрлігі хабарлағандай, USS Higgins эсминеці мен USS Antietam зымыранмен қаруланған крейсері жексенбі күні Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы Парасель аралдарынан 12 миль қашықтыққа өткен.

"Қытай осы әрекеттерге байланысты америкалық тарапқа қатаң наразылығын білдіреді. Біз америкалық тараптан суверенитет нормаларын бұзып, Қытай ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін мұндай арандату әрекетттерді тоқтатуды талап етеміз", — делінген Лу Канның мәлімдемесінде. 

Қытайдың сыртқы саясат ведомствосы өкілі атап өткендей, ҚХР өзінің суверенитеті мен қауіпсіздігін қорғауда тиісті шараларды атқаруды жалғастыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу