Қытай АҚШ-ты Гонконг ісіне араласты деп айыптады

964

Байден кейбір гонконгтықтарға АҚШ аумағында ұзағырақ болуға мүмкіндік беретін құжатқа қол қойған еді.

Қытай АҚШ-ты Гонконг ісіне араласты деп айыптады

Қытай тарапы Вашингтонның Гонконгқа қатысты қабылдаған меморандумын айыптап, бұл құжатты аймақтың ішкі істеріне жасырын түрде араласу деген мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Inbusiness.kz ҚХР СІМ мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Бұл Гонконг пен Қытайдың ішкі істеріне араласу, халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзу. АҚШ-тың әрекеті – Гонконг пен оның халқына қамқорлық көрсету емес, Қытайға қарсы күштердің бір бөлігін қолдау болып табылады. Қытай үкіметі сыртқы күштердің Гонконг пен ҚХР істеріне араласуына қарсы тұрып, елдің егемендігін, қауіпсіздігі пен мүдделерін қорғайды, сондай-ақ "бір ел – екі жүйе" саясатын осы бағытта жүргізеді", – деп жазылған мәлімдемеде.

Еске сала кетсек, 5 тамызда АҚШ президенті Джо Байден Гонконгтың кейбір тұрғындарына АҚШ аумағында ұзағырақ болуға мүмкіндік беретін меморандумға қол қойған еді. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу