Қытай АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санциясын сынға алды

726

15 сәуірде Байден Ресейге жаңа санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойған еді. 

Қытай АҚШ-тың Ресейге қарсы салған санциясын сынға алды

Батыстың Ресейге қарсы салынған санкциялары кезінде Бейжің Мәскеуді қолдайтынын білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚХР-дың Сыртқы істер министрлігінің өкілі Ван Вэньбиньнің мәлімдемесіне сілтеме жасап.

"Біз біржақты санкцияларға қарсымыз. Мұндай санкциялар гегемонияның белгісі саналады, олар наразылықтың өршуіне себеп", – деді ол. 

Оның айтуынша, ҚХР мен Ресей мемлекеттік егемендікті қорғау мәселелері бойынша бір-біріне қолдау көрсетпек. Сонымен қатар ол Бейжіңнің Вашингтон мен Мәскеу диалог жүргізіп, өзара құрмет қағидаттары бойынша келіспеушіліктердің алдын алатынына үміттенетінін мәлім етті. 

Ресей мен Құрама Штаттар арасындағы қарым-қатынас наурыз айында АҚШ президенті Джо Байденнің Ресей басшысы Владимир Путинге қатысты мәлімдемесінен кейін нашарлап кетті. 15 сәуірде Байден Ресейге жаңа санкциялар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл шектеулер 30-дан астам жеке және заңды тұлғаларға бағытталды. Ақ үйдің айтуынша, санкция салуға Ресейдің кибер саладағы қастыққа жақын әрекеттері, АҚШ-тағы немесе басқа шет елдердегі сайлауға араласуы себеп болған.

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу