Қытай АҚШ-тың тағы үш қорғаныс концерніне қарсы санкциялар енгізді

204

Бейжің АҚШ компанияларын, соның ішінде Boeing бөлімшелерін Тайваньға қару жеткізді деп айыптады.

Қытай АҚШ-тың тағы үш қорғаныс концерніне қарсы санкциялар енгізді Фото: daniel0Z/Zoonar/picture alliance

Қытай Тайваньның жаңа президенті Лая Циндэнің инаугурациясы аясында тағы үш америкалық қорғаныс концерніне санкциялар енгізді, деп жазады inbusiness.kz сайты DW-ға сілтеме жасап. 

"Сенімсіз кәсіпорындар" тізіміне Boeing компанияларының қорғаныс және ғарыш бөлімшелері, сондай-ақ General Atomics Aeronautical Systems пен General Dynamics Land Systems кіреді, деп хабарлады ҚХР сауда министрлігі.

Хабарламада бұл америкалық компанияларды Қытай өзінің бүлікшіл провинциясы әрі ажырамас бөлігі санайтын Тайваньға қару-жарақ жеткізді деп айыптады. Бұл компанияларға ҚХР-ға жаңа инвестициялар салуға, ал олардың басшыларына Қытайға кіруге тыйым салынады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу