Қытай АҚШ-тың TIkTok-қа қатысты шектеулеріне жауап берді

537

Америка билігі нарықтық экономика принциптері мен адал бәсекелестікті құрметтеуі керек. 

Қытай АҚШ-тың TIkTok-қа қатысты шектеулеріне жауап берді Фото: img5.eadaily.com

Бұл туралы сейсенбіде ҚХР СІМ ресми өкілі Мао Нин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Агенттік хабарлағандай, дипломат брифингте АҚШ мемлекеттік мекемелерінде Бейжіңдегі ByteDance компаниясына тиесілі TikTok әлеуметтік желісінің қосымшасын пайдалануға тыйым салу туралы пікір білдірді.

"АҚШ әлемдегі ең ірі елдердің бірі бол тұра, жастарға ұнайтын бағдарламалық жасақтамадан қорқып, шамадан тыс сенімсіздік танытып отыр. АҚШ үкіметі нарықтық экономика мен адал бәсекелестік ережелерін құрметтеуі керек", - деді ол.

ҚХР СІМ ресми өкілінің айтуынша, Вашингтон TikTok-қа қатысты негізсіз шектеуді тоқтатып, АҚШ-қа инвестициялау, онда жұмыс істеу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен келген компанияларға ашық әрі әділ ортаны қамтамасыз етуі керек.

"ҚХР" АҚШ-тың Ұлттық қауіпсіздік тұжырымдамасын жалпылау, мемлекеттік билікті теріс пайдалану және басқа мемлекеттердің компанияларының негізсіз қысым көрсету жөніндегі бұрыс тәжірибесіне үзілді-кесілді қарсы", - деп қосты Мао Нин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу