Қытай АҚШ-тың төрт шенеунігіне санкция жариялайды

664

Бұған дейін Вашингтон дәл осындай қадамға барған еді.

Қытай АҚШ-тың төрт шенеунігіне санкция жариялайды

Қытай Гонконгтағы жағдайға байланысты төрт америкалық шенеунікке санкция салады. Бұл туралы ҚХР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хуа Чуньин мәлім етті.

"Құрама Штаттардың әрекеті Гонконг пен Қытайдың ішкі істеріне араласу болып саналады. Вашингтон халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың ережелерін бұзып отыр. Біз бұл әрекеттерге қарсымыз", – деді дипломат.

Оның айтуынша, Бейжіңнің мұндай шешім қабылдауына Ақ үйдің осы "қате" әрекеті себеп болған. Құжат бойынша қара тізімге енгізілгендерге Қытай, Гонконг және Макаоға сапарлай баруға тыйым салынады.

Бұған дейін Вашингтон дәл Гонконг мәселесі бойынша Қытайдың төрт лауазымды тұлғасына шектеу енгізген еді. 

Табиғат Нұрболат

Фото: apnews.com

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу