Бұл туралы 28 желтоқсанда Inbusines.kz "Чжунго синьвэнван" ақпараттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Техникалық мәліметтерге сәйкес станцияның жобалық қуаты 1000 МВт құрайды. ЖЭС аралдың шығыс жағалауынан 22 шақырым қашықтықта, Ваннин қаласының маңында орналасқан. Бұл жердегі акваторияның тереңдігі 100 м-ге жетеді, ал қондырғы орналатылған аймақтың ауданы 160 шаршы метрді құрайды.
Бірінші кезеңдегі тиісті жоспар 2025 жылдың соңына қарай жиынтық қуаты 200 МВт болатын 12 қалқымалы турбинаны іске қосуды көздейді. 2028 жылдың басында аталған көрсеткіш 800 МВт-қа дейін жеткізіледі.
Осындай электр станцияларын салумен айналысатын Қытай энергетикалық құрылыс корпорациясы басшысының орынбасары Ли Юэцзюньдің айтуынша, бұл нысан жылына 4 млрд кВт·сағ астам экологиялық таза электр энергиясын өндіретін болады.