Қытай әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушыға айналды

517

Электр автомобильдер экспорты 77,6 пайызға өсті.

Қытай әлемдегі ең ірі көлік экспорттаушыға айналды Фото: Синьхуа

Қытай 2023 жылы барлығы 4,91 миллион көлік экспорттады және әлемдегі ең ірі автокөлік экспорттаушы болды. Бұл туралы жұма күні Қытай Халық Республикасының Индустрия және ақпараттық технологиялар министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Қытайдың автомобиль экспорты жаңа деңгейге жетті, ал Қытайда жасалған электр көліктері (NEVs) жаһандық тұтынушылар үшін әртараптандырылған таңдауды қамтамасыз етті, деп хабарлады MPI басшысының орынбасары Синь Гобин баспасөз мәслихатында.

Өткен жылы Қытайда автокөлік экспорты 57,9 пайызға өскен. 2022 жылмен салыстырғанда электр автомобильдер экспорты 77,6 пайызға өсті, жылдыө мәнде 1,2 миллион бірлікке жетті, деп қосты Синь Гобин.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу