Қытай әлемдегі еркін сауда туралы ең ауқымды келісім жасайды

865

Бұл бітім 2,2 млрд адамды қамтиды.  

Қытай әлемдегі еркін сауда туралы ең ауқымды келісім жасайды

Қытай мен Азияның тағы 14 елі әлемдегі еркін сауда туралы ең ауқымды келісім жасаспақ. Тараптар құжатқа Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясының саммитінде қол қояды.

Келісімге Жапония, Аустралия, Жаңа Зеландия сияқты елдер қатысады. Ескере кететін жайт, осы 15 елдің жалпы халық саны шамамен 2,2 млрд-қа жетеді. Сауда келісімі баж салығын төмендетуге, жеткізілім тізбегін нығайтуға, электронды саудаға қатысты жаңа ережелерді жүйелеуге бағытталады.

Бұған дейін Bloomberg басылымы Қытай экономика бойынша АҚШ-тан басып озады деп болжаған еді. Кей сарапшылардың пікірінше, егер алдағы жылдары Қытай ЖІӨ-нің өсу қарқыны қазіргідей болса, ол 10 жыл ішінде Құрама Штаттарды артта қалдырады. Қазіргі таңда Қытай экономикалық әлеуеті жағынан АҚШ-тан кейін екінші орында тұр.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу