Қытай алғаш рет Германияның маңызды сыртқы сауда әріптесі атанды

3076

Қытай алғаш рет Германияның маңызды сыртқы сауда әріптесі атанды

2016 жылдың қорытындысы бойынша Қытай  алғаш рет Германияның маңызды серіктесі атанды. Осылайша ол бірінші  орында тұрған Құрама Штаттарды ығыстырды. Құрама Штаттар екінші орнын сақтап қалған Франциядан соң барып жайғасты, деп хабарлайды РБК.

Германияның Федералдық статистика бюросының мәліметі бойынша, Германия мен Қытай арасындағы сыртқы сауда көлемі былтыр 170 млрд еуроға (180 млрд доллар) дейін өсті. Францияның сыртқы сауда көлемі 167 млрд еуромен екінші орында тұр. Құрама Штаттар 165 млрд еуромен үздік үштікті тәмамдайды.

Құрама Штаттар 2015 жылы Германияның басты сауда әріптесі болған. Ол кезде  олар1961 жылдан бері алғаш рет Францияны басып озды.

Reuters-тің мәліметі бойынша, импортқа тариф енгізетіндігін айтқан АҚШ президенті Дональд Трамптың қоқан-лоқысынан кейін  жаһандық еркін сауданы қорғауды мақсат еткен Германия үкіметі Қытаймен сыртқы сауданың арта түсуін құптауы әбден мүмкін.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу