Қытай америкалық компанияларға санкция енгізбек

746

Ресми Бейжің өкілінің айтуынша, Құрама Штаттардың қару-жарақ жеткізуі халықаралық құқыққа қайшы келіп, Қытайдың егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. 

Қытай  америкалық компанияларға санкция енгізбек

Қытай Тайваньға қару-жарақ сатумен айналысқан америкалық компанияларға санкция енгізбек. Бұл туралы ҚХР сыртқы істер министрілігі мәлім етті, деп хабарлайды Wall Street Journal басылымы. 

Сарапшылардың пікірінше, бұл қадам қос тарап арасындағы жағдайды одан сайын шиеленістіруі мүмкін. 

Ресми Бейжің өкілінің айтуынша, Құрама Штаттардың қару-жарақ жеткізуі халықаралық құқыққа қайшы келіп, Қытайдың егемендігі мен ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп отыр. 

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Вашингтон Тайваньға қару сатуға мүмкіндік беретін құжат қабылдаған еді. Оған сәйкес америкалықтар Тайбэйге M1A2 Abrams, ПЗРК Stinger және бірқатар әскери техника жеткізуі көзделген. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу