Қытай Англияға тікелей теміржолмен жүк қатынасын ашты

991

Қытай Англияға тікелей теміржолмен жүк қатынасын ашты

Қытай Англияға теміржолмен тікелей жүк тасымалдай бастады. Қытайдың батысындағы Иу қаласынан шыққан алғашқы пойыз діттеген жеріне екі аптадан соң жетуге тиіс, деп хабарлайды Би-би-си.

Хабарламада айтылғандай,  пойыз киім-кешек, сөмке секілді сан түрлі тауарлар әкеле жатыр.  Қытай соңғы жылдары Жаңа жібек жолы мемлекеттік жобасы шеңберінде Еуропа елдеріне өзінің теміржол тасымалын кеңейтті.

Бұл жүк тасымалы түрі  қымбат әуе тасымалынан гөрі баяу да болса теңіз жолымен арзан тасымалға айналуға тиіс.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу