Қытай ашықтан-ашық батыс көліктерін Ресейге қайта сатып жатыр

413

Осы уақытқа дейін қытайлық серіктестер Ресейге тек Қытайда шығарылатын ауыр автокөліктер техникалары экспортталады деп келген. 

Қытай ашықтан-ашық батыс көліктерін Ресейге қайта сатып жатыр Фото: РИА новости

Ал бүгін Хэйлунцзян теледидары (ҚХР) өз сюжеттерінде Амур көпірі арқылы Қытайдан Ресейге батыс брендтерінің ірі автокөліктері қалай жіберіліп жатқаны туралы сюжетті жариялады, деп жазады inbusiness.kz.

Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" бастамасы аясында трансшекаралық инфрақұрылымды дамытуға арналған сюжеттің кадрларында ресейлік жүргізушілердің Хейхэ автомобиль өткізу пунктінен Амурдың Ресей жағалауына Mercedes және Volvo маркалы жаңа автокөліктерді айдап әкетіп жатқанын көруге болады.

Бұл "параллель импорттың" айнадайын көрінісі, яғни тауар белгісінің авторлық құқық иесінің рұқсатынсыз белгілі бір тауар белгісі бар тауарлар елге кіргізілді.

Ресейде параллель импортқа РФ Азаматтық кодексінің 1487-бабымен тыйым салынған. Импорттың бұл түрінде тауарлар заңды түрде әкелінгендей көрінеде, алайда мұндай жеткізілім контрабанда болып саналды.

Алайда Ресей Федерациясы Үкіметінің 2022 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен Украинада соғыстың басталуына байланысты батыс компанияларының санкциялары мен бойкоттарына жауап ретінде тауарлардың бірқатар санаттары үшін параллель импорт сол жылдың ақпан айының соңында заңдастырылды.

Кәсіпкерлік топтардағы дереккөздердің хабарлауынша, параллель импорт аясында Қытайдан Ресейге тауарларды жеткізумен айналысу қазір өте тиімді, әсіресе Ресей нарығынан шыққан батыс брендтеріне қолжетімділік артқан.

Ең қызығы бұған дейін Қытай тарапы батыс елдерінің реакциясынан қорқып, Ресейге параллель импорт туралы ақпаратты жарияламауға тырысатын, ал қазір ұлттық арналарында ашықтан-ашық экспорттың жүргізіліп жатқанын көрсетіп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу