Бұл туралы бүгін, 4 қазанда, inbusiness.kz South China Morning Post газетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Зымыран Айды игеруде және ғарышта алыс қашықтыққа ұшуда шешуші рөл атқарады деп күтілуде.
Қытай ғалымдары зымыранның үшінші сатысына арналған YF-79 қозғалтқышының прототипін жасаудағы техникалық қиындықтарды жеңді. Оның жердегі үш сынағы сәтті өтті.
Қытайдың аэроғарыштық ғылым және инженерия корпорациясы (CASC) хабарлағандай, 25 тонналық YF-79 ауырлықтың кеңейтілген цикліне ие сутегі-оттегі қозғалтқышы.
Үдеткіші бар зымыранның бірінші сатысын қосымша жану циклі бар төрт YF-130 оттегі-керосин қозғалтқышы жүзеге асырады. "Чанчжэн-9"-дың екінші сатысына екі YF-90 сутегі-оттегі қозғалтқышы қарастырылған. Жаңа YF-79 қозғалтқыштары үшінші сатыға арналып жасалған, жалпы төрт саты белгіленген.
Чанчжэн-9 зымыраны жер орбитасына 140 тоннаға дейін, айға – 15-50 тоннаға дейін, Марсқа – 12-44 тоннаға дейін пайдалы жүкті жеткізе алады деп күтілуде.