Қытай әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстерді ашады

393

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті хабарлайды. 

Қытай әуе компаниясы Қазақстанға тұрақты рейстерді ашады Фото: inbusiness.kz

2024 жылдың 25 қаңтарынан бастап "China Southern Airlines" Алматы — Бейжің бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейсін орындай бастауды жоспарлап отыр, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Әуе компаниясының флоты 650-ден астам ұшақтан тұрады (A319/320/321/330/350, B737/777/787, ARJ21, C919) және Қытай мен әлемнің 230-дан астам қаласына ұшады. Рейстер жаңа " Бейжің Дасин" халықаралық әуежайынан Airbus-A320 ұшақтарында аптасына 3 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері) іске асырылады", – делінген хабарламада.

"Бейжің Дасин" халықаралық әуежайы – Қытай астанасы Бейжіңнің Дасин ауданында орналасқан әлемдегі ең ірі әуежайлардың бірі. Бейжің орталығына дейінгі қашықтық 46 километрді құрайды. Әуежай 2019 жылдың 25 қыркүйегінде ашылды және оның 4 ұшу-қону жолағы бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу