Қытай әуекомпаниясы Qazaq air-ді жекешелендіруге қатысады

910

Қытай әуекомпаниясы Qazaq air-ді жекешелендіруге қатысады

Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға жасаған ресми сапары барысында өткен Қазақстан-Қытай іскерлік кеңесі аясында Qazaq air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок пен China Express Airlines Co., Ltd. басқарма төрағасы Лунцзян Ву кездесті, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Кездесуде халықаралық аймақтық жолаушылар тасымалдауды дамыту туралы стратегиялық ынтымақтастық сұрақтарында түсіністік орнату жөнінде меморандумға қол қойылып, China Express Airlines-тың Qazaq air-ді жекешелендіруге қатысу мүмкіндігі туралы келіссөз жүрді.

"Қол қойылған меморандум шеңберінде екі аймақтық әуекомпания трансшекаралық жолаушылар легімен алмасып, біздің компаниямыздың дамуына септігін тигізетін China Express Airlines тарапынан тікелей қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылды" – деп атап кетті Qazaq air әуекомпаниясының басқарма төрағасы Блэр Трехерн Поллок.

Лунцзян Ву "Бір белбеу, бір жол" атты қазақ-қытай аймақтық ынтымақтастық бастамасы аясында қол қойылған құжаттың маңыздылығын ерекше атап өтті. QAZAQ AIR мен China Express Airlines серіктестігі, сауда-экономикалық ара-қатынастың күшеуіне септігін тігізіп, көршілес елдердің ынтықтастығын кеңейте түсетінін атап кетті.

Айта кетсек, Qazaq air акцияларының 100%-ы "Самұрық-Қазына" АҚ-ға тиесілі, Қазақстанның аймақтық бағыттарында қызмет көрсететін әуекомпаниясы. Ал China Express Airlines қытай әуекомпаниясы (Huaxia Airlines атымен танымал) 2006 құрылған, Қытайдағы алғашқы жекеменшік аймақтық компания.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу