Қытай әуежайларында шетелдіктер саусақ ізін тапсырады

922

Қытай әуежайларында шетелдіктер саусақ ізін тапсырады

14-70 жас аралығындағы шетелдіктер  Гуанчжоу, Бейжің және Шанхай әуежайына келгенде саусақ іздерін тапсыруға міндетті, деп хабарлайды Қытайдағы ҚазАқпарат.

30 сәуірден бастап Бейжің әуежайындағы терминалдан төлқұжатты бақылау аймағына дейінгі аумақта арнайы автомат киоскілері орнатылған. Саусақтардың таңбасын алу процедурасынан өтуге Қытай иммиграциялық қызметінің мамандары көмектеседі.

Саусақ ізін тапсырған жолаушыға түбіртек беріледі, оны төлқұжат бақылауына өткізу қажет. Бұл мағлұмат компьютерлік деректер базасына енгізіледі және дактилоскопиядан қайта өту қажет етілмейді.

Бұл процедурадан дипломатиялық төлқұжаты,  European Union Laissez-Passer және гуманитарлық визалары бар азаматтар босатылады.

Еске салайық, 2017 жылдың 10 ақпанынан шетелдіктерді дактилоскопиялау Шэньчжэнде енгізілген еді. Мұндай процедураны Хайнань провинциясының әуежайына енгізу жоспарлануда.   

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу