Сол үшін оны Қытай полицейлері ұстап, тексеруге мәжбүр болған.
Лионель Месси 15 маусымда Аустралия футболшыларымен жолдастық кездесу өткізеді деп жоспарланған. Ойын Бейжіңдегі стадионда өтеді.
11 маусымда Аргентина құрамасы ойынға дайындықты бастау үшін Қытайға келді. Бірақ әуежайды Лионель Мессиді полицейлер ұстады.
Футболшы Қытайға визасыз жүру құқығын беретін аргентиналық төлқұжатымен емес, Испания төлқұжатымен барған. Испания азаматтары Қытайдың өзіне емес, Тайваньға ғана визасыз бара алады.
Футболшы полицияға жағдайды түсіндіріп, оған жеделдетілген виза берілді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу