Қытайдың Кабулдегі елшісі Яо Цзин (Yao Jing) Ariananews арнасына берген сұхбатында Ауғанстан мен Иран және Орталық Азия елдері арасында теміржол салудың жоспарланып жатқанын хабарлаған. Бұл туралы CA-NEWS жазды.
"Аталған жобаны Қытай экономикасы үшін аса маңызды "Бір белдеу, бір жол" стратегиясы аясында жүзеге асыру жоспарлануда", - деп атап өтті елші.
Өз кезегінде, Ауғаныстанның қоғамдық жұмыстар министрлігінің баспасөз хатшысы Мехди Рохани (Mahdi Rohani) ауған елінің бұл жобаға қатысуының зор маңызға ие екендігін және де тауарлар транзитінде үлкен рөл ойнай алатынын жеткізді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу