Қытай Ауғанстанда мыс өндіре бастайды

731

ҚХР бұл елдегі жағдайдың тұрақталғанын күтіп отыр.  

Қытай Ауғанстанда мыс өндіре бастайды

Саяси және әскери жағдайдың тұрақсыздығы кесірінен Қытай Ауғанстанның шығысындағы мыс кенішін игере алмай отыр, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қытайлық Jiangxi Copper корпорациясы 2007 жылы Логар провинциясының Айнак кен орнында мыс өндіру тендерін жеңіп алған еді. Компанияның бас директоры Чжэн Гаоциннің айтуынша, Ауғанстандағы жағдай тұрақталғаннан кейін, тау-кен инфрақұрылымын салу жұмыстары басталады.

13 қыркүйекте Бейжіңнің Ауғанстан халқына 31 миллион доллар көлемінде гуманитарлық көмек көрсететіні, сондай-ақ коронавирусқа қарсы вакцинаның үш миллион дозасын жіберетіні белгілі болды.

Бұған дейін Қытай халықаралық қауымдастықты "Талибан" қозғалысына терроризмге қарсы күресте көмектесуге үндеген еді.

3 қыркүйекте тәліптердің ресми өкілі Забиулла Муджахид Қытайды "Талибанның" басты шетелдік серіктесі деп атады. Сонымен қатар ол Қытай үкіметінің Ауғанстанды дамытуға инвестиция салуға дайын екенін мәлім етті.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу