Қытай билігінің хабарлауынша, бұл қадам ұлттық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған. Ақпаратты The Wall Street Journal таратты, деп жазады inbusiness.kz сайты.
1 шілдеден бастап бақылау шаралары ондаған өнімдерге, соның ішінде авиациялық қозғалтқыштарға, газ турбиналы қозғалтқыштарға, ғарышкерлердің дулыға қалқандарына және оқ өткізбейтін жилеттерде жиі қолданылатын полиэтилен талшықтарына, сондай-ақ оларды әзірлеу үшін қолданылатын әртүрлі технологияларға, бағдарламалық құралға және деректерге қолданылады.
Ақпаратты Қытай сауда министрлігінің баспасөз қызметі растады. Ведомствоның шешімі Кеден агенттігінде және ҚХР Орталық әскери комиссиясында қолдау тапты.